Семейде жаңбыр жауып, қала көшелерін су басты

464
Adyrna.kz Telegram

Семейде толассыз жаңбырдан соң көшелерді су басты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Семей қаласының әкімдігі қолайсыз ауа-райының салдарын жою үшін жаңбыр суын айдау жұмыстары үзіліссіз жүргізіліп жатқанын айтады.

Қала билігінің мәліметінше, жаңбыр салдарын жою үшін 10 вакуумдық ассенизаторлық машина тартылған. Одан бөлек, су қабылдайтын ұңғымаларды және дренажды-нөсерлі кәріздерді, соның ішінде каналды жуу машиналарын тазарту үшін арнайы техника қолданылады.

Пікірлер