Алматыда жеңіл көлік аялдамаға кіріп кетіп, аударылып қалды

567
Adyrna.kz Telegram
фото: Алматы ПД
фото: Алматы ПД

Алматыда екі көлік соқтығысты. Салдарынан жүргізушілердің бірі аялдамаға кіріп кетіп, аударылып қалды, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің  хабарлауынша, оқиға бүгін таңғы сағат 06:30-да Медеу ауданында болған.

«Volkswagen автокөлігінің жүргізушісі Қабанбай батыр көшесімен шығыс бағытта келе жатып, тыйым салынған бағдаршамның қиылысына шығып кетіп, Назарбаев көшесімен солтүстікке қарай келе жатқан Hyundai маркалы көлігімен соқтығысқан. Салдарынан Volkswagen көлігі аялдамаға кіріп кетіп, аударылып қалды», - деп хабарлады Алматы жол полициясы.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, деп қосты полиция.

Медеу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтауға кірісті.

Пікірлер