Тағы бір жүлде. Парадзюдошы Жұрқамырза Шүкірбеков қола медаль иеленді

678
Adyrna.kz Telegram
Фото: Нұрғали Жұмағазы
Фото: Нұрғали Жұмағазы

Қазақстандық дзюдошы Жұрқамырза Шүкірбеков Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарында қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

J2 санаты (көру қабілеті нашар спортшылар) бойынша +90 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Жұрқамырза Шүкірбеков франциялық Насер Зорганиді айқын басымдықпен жеңді.

Айта кетейік, Жұрқамырза Шүкірбеков ширек финалда Бразилия спортшысы Сержиу Фернандесті мерзімінен бұрын жеңген еді. Бірақ жартылай финалда грузиялық Реваз Чикоидзеге есе жіберді.

Пікірлер