Париж Олимпиадасы. Паралимпиада ойындары бойынша бүгін кім жарыс жолына шығады?

1085
Adyrna.kz Telegram
Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz

Бүгін Қазақстан құрамасы паралимпиада ойындарында төрт спорт түрінен сынға түседі, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Алғашқы екі күнде ел қоржынына ешқандай жүлде түспеді. 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтіп жатқан дүбірлі дода Парижде өтіп жатыр.

Бүгін жарыс жолына пара нысана көздеуден 12:30-да Еркін Ғаббасов шығып, 15:00-де Севда Әлиева сайысқа түседі.

Ал, 13:08-де пара жеңіл атлетикада Гүлбақыт Қайыржанова ел намысын қорғайды. Ал пара таэкондодада 14:26-да Нұрлан Домбаев,14:48-де Нышан Өмірәлі жарысса, 17:00-де волейболды отырып ойнаудан Қазақстан құрамасы Босния және Герцоговинамен кездеспек.

Қазақстан құрамасының спортшылары Париж Паралимпиадасына спорттың 9 түрінен 33 лицензия жеңіп алды.

Пікірлер