Украина мен оның одақтастары Халықаралық қылмыстық соттың шешімімен Ресей президенті Владимир Путинді қамауға алудан бас тартқан Моңғолияға қарсы шара қолданатынын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы Украина сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Георгий Тихи X әлеуметтік желісінде хабарлады.
«Моңғолия үкіметінің Путинді қамауға алу жөніндегі ХҚК ордерін орындаудан бас тартуы – Халықаралық қылмыстық сотқа ауыр соққы...», - деді.
Путин дүйсенбі күні Моңғолия еліне іс-сапармен келді. Ресей президенті Халхин-Голдағы кеңес пен моңғол қарулы күштерінің бірлескен жеңісінің 85 жылдығына арналған мерекелік шараларға қатысты. Сонымен қатар, тараптар тар және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізеді.
Ресей президентінің сапары Халықаралық қылмыстық соттың оны «қамауға алу туралы» ордеріне қатысты дау-дамай тұсында өтіп отыр. Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков журналистердің осы мәселе бойынша Азия республикасының билігімен келіссөздер жүргізілгені туралы сұрағына жауап бере отырып, сапардың барлық аспектілері мұқият дайындалғанын айтты.