Ресей президенті Путин туысын жаңа қызметке тағайындады

1203
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин туысы Анна Цивилеваны жаңа қызметке тағайындады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Енді Анна Цивилева Ресей Федерациясы қорғаныс министрінің орынбасары-мемлекеттік хатшы қызметтерін атқарады. Тиісті жарлық Ресейдің құқықтық ақпараттық ресми порталында жарияланды.

Ресей президенті осы жылдың 17 маусымында-ақ Анна Цивилева Ресей Федерациясы қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне тағайындаған. Ол әскери қызметшілерді әлеуметтік және тұрғын үймен қамтамасыз етуді ұйымдастыру, сондай-ақ  "Отан қорғаушылар" мемлекеттік қорымен өзара іс-қимыл жасау мәселелеріне жауап берді.

Енді үкіметтің статс-хатшының негізгі міндеттері - министрліктің заңнаманы өзгерту жөніндегі ұсыныстарын дайындау. Бұдан басқа, олар жаңа заң жобалары бойынша президент пен үкіметтің ұстанымын әзірлеуге жәрдемдеседі. Қажет болған жағдайда Мемлекеттік хатшы отырыста президенттің немесе үкіметтің ұстанымын білдіре алады.

Айта кетейік, 2001 жылдан 2024 жылдың 17 маусымына дейін РФ қорғаныс министрінің орынбасары-хатшы қызметін Николай Панков атқарып келді.

Пікірлер