АЭС салу бойынша референдум 6 қазанда өтеді

1116
Adyrna.kz Telegram

АЭС салу бойынша референдум 6 қазанда өтеді. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биылғы 6 қазанда өтеді. Бүгін тиісті Жарлыққа қол қоямын. Алдағы референдум кең ауқымды жалпыұлттық диалогтың тағы бір айқын көрінісі болмақ. Шын мәнінде, бұл – «Халық үніне құлақ асатын мемлекетке» тән сипат», – деді Тоқаев жолдауында.

Президенттің айтуынша, қазір әлемде энергия тапшылығы күшейіп барады. Елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет.

«Сондықтан біз атом энергетикасын дамытуға баса мән беруіміз керек деп ойлаймын. Себебі экономикамыз күн өткен сайын мол энергияны қажет етуде. Мұндай сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алады. Қазір дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200-ге жуық атом электр стансасы жұмыс істеп тұр», – деді президент.

Пікірлер