Қазақстан нысана көздеуден Париж Олимпиадасында финалға шықты

1875
Adyrna.kz Telegram
Фото: Туризм және спорт министрлігі
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Париж Олимпиадасында Қазақстан командасының мүшесі Александра Ле нысана көздеуден финалға өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Александра Ле 10 метрге пневматикалық винтовкамен нысана көздеуден іріктеу кезеңінде 6-орын алды. Финалға алғашқы сегіз спортшы өтті.

Ал екінші спортшымыз Арина Алтухова 627.7 ұпаймен 17-орын алды.

Аралық нәтиже бойынша бірінші орында – кореялық Хьеджин Бан. Ол іріктеуде жиған ұпайы бойынша (634.5) олимпиадалық рекорд орнатты.

Финал 29 шілдеде өтеді.

Кеше Александра Ле ел қоржынына қола салған еді.

Пікірлер