Семей-Өскемен тас жолында жол апатынан үш адам қаза тауып, тағы үшеуі ауруханаға жеткізілді

1147
Adyrna.kz Telegram
фото: polisia.kz
фото: polisia.kz

Семей-Өскемен тас жолында орын алған жол-көлік оқиғасы (ЖКО) салдарынан үш адам қаза тауып, тағы үшеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚР ІІМ ресми интернет-ресурсына сілтеп. 

«Соқтығыс салдарынан бір жүргізуші мен екі жолаушы қаза тапты, үш зардап шегуші түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жатқызылды», - делінген хабарламада.

Мәліметтерге сәйкес, 25 тамыз күні сағат 03.30 шамасында Семей-Өскемен тас жолында Toyota Land Cruiser пен Nissan Elgrand көліктері бетпе-бет соқтығысқан.

Аталған факті бойынша көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны хабарланды.

Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің толықтығы мен жан-жақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Пікірлер