Бишімбаев ісі. Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы экс-министрдің үстінен тағы арыз түсірді

1078
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді экс-министрдің үстінен тағы бір арыз жазды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Нүкенованы өлтіргені үшін сотталған Қуандық Бишімбаев бірер ай бұрын 24 жлыға сотталған еді.

Марқұмның ағасы Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаевтан материалдық шығын өндіріп алу және моральдық шығын өтеу жөнінде азаматтық іс қозғады. Енді сот отырысы 2024 жылғы 3 қыркүйек сағат 11:00-ге өтпек.

Айта кетейік, Салтанат Нүкенова 2023 жылы 9 қарашада күйеуі Қуандық Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан болатын. Ағымдағы жылдың мамыр айында бұрынғы ұлттық экономика министрі өз әйелін аса қатыгездікпен өлтіргені үшін 24 жылға сотталған еді. 

Пікірлер