Экс-министр Маржықпаев қызметтен кеткен соң мәлімдеме жасады

1281
Adyrna.kz Telegram
Фото: Туризм және спорт министрлігі
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін туризм және спорт министрін қызметінен босатты. Экс-министр Ермек Маржықпаев желіде мәлімдеме жасады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Экс-министр Ермек Маржықпаев президент пен үкіметке алғыс айтты.

“Туризм және спорт министрі лауазымындағы қызметім аяқталды. Бұл менің өмірімдегі өте маңызды кезең болды. Президент пен үкіметке маған артқан сенімі үшін, сондай-ақ әріптестеріме бірлесе жұмыс істегені үшін алғысымды білдіремін. Отандық туризм мен спортта қолға алған бастамалар алдағы уақытта жалғасын тауып, жемісін береріне сенемін”, – деді ол.

Айта кетейік, сенбі күні Президент министрді қызметтен босатты.

Пікірлер