Украинаның Қазақстандағы бұрынғы елшісін Ресей сырттай соттады

1374
Adyrna.kz Telegram
Фото: pressa24.ru
Фото: pressa24.ru

Мәскеу соты Украинаның Қазақстандағы экс-елшісін алты жылға соттады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

РИА агенттігінің мәліметінше, Басман соты Украинаның Қазақстандағы бұрынғы елшісі Петр Врублевскийді сырттай алты жылға соттаған. Сот бұрынғы елшіні "ұлтқа және тілге бола өшпенділік пен араздық қоздырғаны үшін" айыпты деп танығаны анықталды.

Резонанс тудырған мәселе Врублевский 2022 жылғы сұхбаты болған. Врублевский 2022 жылғы 21 тамызда Қазақстанда жергілікті блогер Диас Құзайыровқа сұхбат берген. Онда елші Украина әскерінің соғыста ресейлік сарбаздарды өлтіргенін мақұлдаған.

Елшінің "орыс азаматтарды өлтіріп, жою" тақырыбында айтқан сөздері желіге тарап, қоғамда түрлі пікір тудырды.

Ресей сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан сыртқы істер министрлігі Украинаның дипломатиялық ведомствосына наразылық білдіріп,  Қазақстан СІМ "Врублевский кешірім сұрады" деген ақпарат таратты. Артынша 2022 жылы қазан айында Украина президенті Владимир Зеленский Врублевскийді Украинаның Қазақстандағы елшісі қызметінен босатқанын мәлімдеген болатын.

Ресей 2024 жылы Врублевскийдің үстінен қылмыстық іс қозғап, іздеу жариялаған. Ақпанда Ресей украиндық елші Росфинмониторинг Петр Врублевскийді "террористер мен экстремистер" тізіміне енгізді. Ал артынша наурызда Мәскеудің Басман соты оны сырттай қамауға алу туралы шешім шығарған.

Кеше Ресей соты Украинаның бұрынғы елшісін 6 жвлға соттады.

Пікірлер