Батыс Қазақстанда екі жасар бала терезеден құлап кетті

1109
Adyrna.kz Telegram

Оралда екі жасар қыз екінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға 25 тамызда болған, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті баланың бес қабатты тұрғын үйдің 2-қабатының терезесінен құлап кеткенін хабарлады.

«Ересектер қарауынсыз қалған 2022 жылы туған қыз бала 2-қабаттың терезесінен құлап, ауруханаға түсті», - деп мәлімдеді ТЖД.

Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстанда жыл сайын балалардың терезеден құлап кетуінен 100-ге жуық жазатайым оқиға орын алатынын хабарлаған әлеуметтік ролик жариялады. Министрлік ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға шақырды.

«Пәтердегі терезелерді ашып, бөлмені желдету кезінде баланың қауіпсіздігін қадағалаңыздар, құрметті ата-аналар, балаларыңызды қараусыз қалдырмаңыздар», - делінген видеода.

Пікірлер