Қыз зорлады деп айыпталған Жанқош Тұраровтың әйелі жағдайға қатысты пікір білдірді

1361
Adyrna.kz Telegram
фото: instagram.com/klarita_os
фото: instagram.com/klarita_os

Қыз зорлады деген қауесетке қалған қазақстандық боксшы Жанқош Тұраровтың әйелі Клара Иса күйеуіне тағылған айып туралы пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

"Хабарласқанда телефон алуға шамасы келмей, уақыт таппай жүрген «құрбы-таныстың» бәрі түннен бері хабарласып, хал-жағдай сұрасты ғой бүгін. Бәрі дұрыс, уайымдамаңыздар! Ел алдында жүрген адамдар туралы не айтылмай жатыр?" – деп жазды Жанқоштың жары Instagram-дағы Stories-ке.

Еске сала кетсек, әлеуметтік желіде танымал кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың қыз зорлады деген күдікке ілінгені туралы ақпарат пайда болды. Бұған қатысты Алматы қалалық полиция департаменті пікір білдірді.

"Келіп түскен арызға байланысты Әуезов аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Қазір оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр", – делінген ресми ақпаратта.

Содан кейін Жанқош Тұраров өзіне жала жабылғанын және мәселенің мән-жайын анықтайтынын айтқан болатын.

Пікірлер