ЕРЖАН ТӨЛЕК: Ирак былай тұрсын, бізде 16 жастан бастап қыз ұзату жарнамасы жасала бастаған сияқты

3467
Adyrna.kz Telegram

Өткен аптадан бері Ирак Парламентіне қыздардың неке жасын 15-тен 9-ға дейін түсіру уралы заңжобасы келіп түскені әлем назарын аударды.

Балалар құқығымен айналысатын көптеген елдер үлкен алаңдаушылық танытуда.

Бұл қауіпті үрдіс. Бізде де бірнеше әйелі бар һәм шариғатпен өмір сүруді аңсап жүрген жамағат бұл ақпаратқа екі санын шапалақтап, алақан ысқылап қуануда.

Ирак неке жасын 9-ға түсірмек, Абай Бегей 16 жастағы қызын ұзатқан.

Әлеуметтік желіде Ирак әрекетін қолдай жазып, шариғат талабы дұрыс деп құтындап пікір жазғандары қорқынышты.

Ирак былай тұрсын, бізде де 16 жастан бастап қыз ұзату жарнамасы жасала бастаған сияқты. Абай Бегей деген біреудің кәмелеттік жасқа толмаған қызын тұрмысқа бергені жалпақ жұртқа жария болуда.

Қазақстанның заңы бойынша некеге тұруға 18 жастан рұқсат етіледі. Тек жүкті болып, әке-шешесі арнайы органдардан рұқсат алса ғана заңды мүмкіндік беріледі.

Арнайы органдар бұл мәселені қарау керек. Әсіресе, радикалды діни ағымдарда кәмелеттік жасқа толмағандармен астыртын неке қидырып, заңды некеге отырмайтындар да бар. Олардың талақ ете салуы тіпті оңай..

Бір ғана мысал, Қуандық Бишімбаевтың мешітке барып, неке қидырып, талақ етіп, қайта қидырғаны секілді…

Ержан Төлек

 

 

Пікірлер