Иракта некеге тұру жасын 9 жасқа дейін төмендету ұсынылды

1377
Adyrna.kz Telegram
Фото: bangkokbook.ru
Фото: bangkokbook.ru

Иракта қыздардың некеге тұру жасын төмендету мәселесі қарастырылып жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Шетелдік БАҚ мәліметінде Ирак елі қыздарын 15 жастан бастап тұрмысқа беруді 9 жасқа дейін төмендетпек.

Бұл ұсыныс Ирак парламентіндегі кей партиялар тарапынан қолдауға ұшырағаны анықталды.

Бірақ, кей сыншылар мұндай өзгерістер адам құқықтарының, әйелдер мен балаларға қатысты заң бұзушылыққа әкеп соғатынын айтып дабыл қағуда. Себебі балаларды ерте жастан тұрмысқа беру елдегі білім саласына әсер етіп, баланың даму мүмкіндігінен айыру болып табылады.

Халықаралық ұйымдар, соның ішінде БҰҰ, сондай-ақ Ирактың құқық қорғаушылары бұл түзетулерге алаңдаушылық білдіріп жатыр.

Биыл Ирактың басқару кеңесі жеке статус туралы заңды қайта қарауды ұсынып, 1959 жылғы заңдағы неке жасын 18 жас деп белгіленген тұжырымды жоюды ұсынады.
Пікірлер