Бокстан ерлер командасының бапкерлік құрамы толығымен жұмыстан шеттетілді

2107
Adyrna.kz Telegram

Бокстан Қазақстан құрамасының жаттықтырушылары мен вице-президенті қызметінен босатылғаны айтылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"Бокстан ерлер ұлттық құрамасының жаттықтырушылар құрамы жұмыстан толықтай шеттетілді. Шешім Спорт комитетімен келісілді", – делінген хабарламада. 

Осылайша, келесі өзгерістер орын алды:

Бас бапкер Мырзағали Айтжанов пен жаттықтырушылар құрамынан 10 маман қызметінен босатылып, Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Әзиз Қожамбетов те қызметінен кетті;

Бокстан еңбек сіңірген жаттықтырушы Тұрсынғали Еділов Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

 

Пікірлер