Бес баланың анасы Азия чемпионатында қола жүлдені иеленді

1126
Adyrna.kz Telegram
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер және әйелдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық спортшы қола жүлдені иеленді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясы хабарлады.

Тартысты бәсекеде Қазақстаннан алғашқы болып Әйгерім Сәттібаева жартылай финалдық жекпе-жегін өткізді. Спортшы 48 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Фарзона Фозиловамен шеберлік байқасты.

Ұзақ жылғы үзілістен кейін спортқа қайта оралған бес баланың анасы, белгілі боксшы Олжас Сәттібаевтың зайыбы Әйгерім қола жүлдені қанағат тұтты. Бұл - оның спорттық жолындағы Азия чемпионатында алған екінші қола медалі болды.

Пікірлер