Елдос Сметов өзінің алғашқы бапкеріне көлік сыйлады

1012
Adyrna.kz Telegram
Фото: Жамбыл облысының әкімдігі
Фото: Жамбыл облысының әкімдігі

Париж Олимпидасының чемпионы Елдос Сметов өзіне сыйға тартылған су жаңа көлікті алғашқы бапкеріне мінгізді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Елдос Сметов туған жері Тараз қаласындағы,  Т.Рысқұлов ауданына барды. Халық чемпионды ыстық ықыласпен күтіп алып, тарихи жеңісімен құттықтады.

Елдос Сметов спорттағы алғашқы бапкері Ахмет Жұмағұлға алғысын білдіріп, Т.Рысқұлов ауданы әкімі сыйға тартқан су жаңа көлігін мінгізді.

”Нағыз Олимпиада чемпионы! Үлкен алғысымды айтамын бұл кісіге. Қандай көлік мінгізсек те аздық етеді! Қазақтың тарихын бес рет жаңарту бастамасын ашып берген кісі – Ахмет Жұмағұлов атамыз”, – деді Елдос Сметов.

Айта кетейік, зейнетке шыққан Ахмет Жұмағұл әлі күнге дейін жас спортшыларды жаттықтырады.

Пікірлер