Қос спортшы финалда. Қазақстандық спортшылардың өнер көрсету кестесі жарияланды

1448
Adyrna.kz Telegram

Ұлттық Олимпиада комитеті (ҰОК) 31 шілдеде Парижде өтетін Олимпиадада Қазақстан құрамасының өнер көрсету кестесін жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Париждегі 2024 жылғы Олимпиада ойындарының бесінші күні өтуде. Бүгін қазақстандық спортшылар кем дегенде екі финалға қатысады», - деп хабарлайды ҰОК.

Жарыстың финалдық бөлігінде Екатерина Шабалина (триатлон) мен Милад Карими (гимнастика) медальдар үшін таласады. Екінші іріктеуден сүрінбей өтсе, Мария Дмитриенко (стенд ату) да финалға шығуы мүмкін.

Спорт түрі: Триатлон, әйелдер. Финал

Екатерина Шабалина

Басталуы: 11.00

Спорт түрі: Ату, ерлер (мылтық, 50 метр, үш позиция).

Ислам Сәтбаев, Константин Малиновский

Басталуы: 12.00

Спорт түрі: стенд ату, әйелдер (трап)

Мария Дмитриенко

Басталуы: 12.00

Спорт түрі: Бокс, 57 келіге дейін (ерлер). 1/8 финал

Махмуд Сабырхан - Хосе Куиллес (Испания)

Басталуы: 14.16

Спорт түрі: Үстел теннисі, ерлер. 1/8 финал

Кирилл Герасименко - Омар Ассар (Мысыр)

Басталуы: 18.00

Спорт түрі: стенд ату, әйелдер (трап). Финал

Мария Дмитриенко

Басталуы: 18.30

Спорт түрі: Көркем гимнастика, жеке көпсайыс (ерлер). Финал

Милад Карими

Басталуы: 20.30

Спорт түрі: Бокс, 75 келіге дейін (әйелдер). 1/8 финал

Валентина Хальзова - Атейна Байлон (Панама)

00.36

Пікірлер