Бір түнде екі алтын. Өзбекстан Олимпиада ойындарында Қазақстаннан басым түсті

1505
Adyrna.kz Telegram
Фото: Alex Pantling/Getty Images
Фото: Alex Pantling/Getty Images

Өзбекстан Париждегі Олимпиада ойындарында медаль есебінде Қазақстан құрамасын басып озды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Кеше, 8 тамыз күні Өзбекстан спортшылары бірден екі алтын медаль иеленді. 22 жастағы өзбекстандық таэквондошы Ұлықбек Рашидов пен 31 жастағы боксшы Хасанбой Дусматов ел қоржынына алтын салды. Екеуі де екі дүркін Олимпиада чемпионы атанып отыр.

Осылайша 206 елдің ішінде Өзбекстан жалпы командалық есепте 18-орынды еншіледі. Жалпы алғанда көрші елдің активінде үш алтын және екі қола бар. Ал Қазақстан құрамасы 28-ден 31-ші орынға түсті. Біздің команданың қоржынында жеті медаль бар - бір алтын (дзюдошы Елдос Сметов), үш күміс (грек-рим стилінің балуаны Демеу Жадраев, гимнаст Нариман Құрбанов, боксшы Нұрбек Оралбай) және үш қола жүлде (дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев, боксшы Назым Қызайбай, мергендер Александр Ле және Ислам Сәтбаев).

 

Пікірлер