Боксшы Бақыт Сәрсекбаев Өзбекстандық әріптесін құттықтады

1593
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Бокстан Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев әріптесі әрі досына ерекше жазба арнады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев Өзбекстан бокс құрамасының бас бапкері Толқын Қылышевты шәкірттерінің жеңісімен құттықтады.

Өзбекстан құрамасының боксшылары Париж Олимпиадасында 5 алтын медаль жеңіп алды. Атап айтқанда, Хасанбой Дусматов (51 кг), Абдумалик Халоков (57 кг), Асадхуджи Муйдинхуджаев (71 кг), Лазизбек Муллажонов (92 кг) және Баходир Джалолов (92+ кг) Олимпиада чемпионы атанды.

"Мен Толқынды бала кезінен білемін. Екеуіміз интернатта бірге өстік, бірге оқыдық, ұстаздардан тәлім алдық. Сол кездегі достығымызды ұмыту мүмкін емес! Бауырым Толик! Сені командаңның жарқын жетістігімен құттықтаймын! Сендер тарих жасадыңдар! Сенің еңбекқор екеніңді білемін, осы жетістік үшін барыңды салдың. Саған зор денсаулық тілеймін!", - деп жазды Бақыт Сәрсекбаев Instagram желісіндегі ресми парақшасында. Еске салайық, Толқын Қылышев Парижде шәкіртінің жеңісін тойлау кезінде кенеттен жүрегі тоқтап қалып, ауруханаға түскен еді. Кейін өзбекстандық боксшылар бапкердің жағдайын білуге барды.

Пікірлер