Париж Олимпиадасы. Әмір Маймұратов жартылай финалға шыға алмады

803
Adyrna.kz Telegram
Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz

Спорттық жарға өрмелеуден Қазақстан командасының мүшесі  Әмір Маймұратов Париж Олимпиадасының жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Ширек финалда Маймұратов ирандық Реза Алипурға қарсы шыққан болатын.

Өкінішке қарай қазақстандық спортшы 6,14 секунд уақыт көрсеткішімен ирандыққа есе жіберді.

Осылайша, Әмір Маймұратов жартылай финалдан сырт қалды.

Пікірлер