"Бұйырғаны..." Бас бапкердің кешірім сұрағаны ақталуға ұқсады

2186
Adyrna.kz Telegram
Фото: Olympic.kz
Фото: Olympic.kz

Бокстан бас бапкер Мырзағали Айтжанов қазақстандықтардан кешірім сұрады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

«Барлық кінә өзімізден, оны мойындаймыз. Бұл олимпиада. Сында, мінде бәрі айтылып жатыр. Біздің боксшылардың дайындығы аз болды деген қате түсінік. Олардың барлығы өз күштерін қолдан келгенше сарп етті. Бұйырғаны осылай болды», - деді ол.

Еске салсақ, Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай бокстан Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанған болатын.

Ол 80 келі салмақ дәрежесінде Париж шаршы алаңының финалында украиналық Александр Хижнякқа есе жіберді.

Пікірлер