Париж Олимпиадасы: Қазақстандық спортшы жеңіл атлетикадан финалға шықты

1523
Adyrna.kz Telegram
Фото: Туризм және спорт министрлігі
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Еліміздің атынан жеңіл атлетика бойынша өнер көрсетіп жатқан спортшы Нора Джеруто финалда жарысады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ұлттық құрама спортшысы Нора Джеруто 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруде Париж Олимпиадасының финалына жолдамаға қол жеткізді.

"Ол іріктеуде 4-орын алды. Уақыт көрсеткіші - 9:16.46 секунд. Бұл – Нораның осы маусымдағы үздік нәтижесі. Финал 6 тамыздан 7-сіне қараған түні өтеді", – делінді Туризм және спорт министрлігі жолдаған хабарламада.

Пікірлер