«Олимпиада алтыны бұйырмапты». Нұрбек Оралбай елге оралды

1476
Adyrna.kz Telegram
Фото: Qazaqstan.tv
Фото: Qazaqstan.tv

Парижде өткен Олимпиадада бокстан күміс жүлдеге ие болған Нұрбек Оралбай Астанаға келді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Спортшыны қарсы алуға жанкүйерлері, туысқандары және БАҚ өкілдері жиналды.

«Өкінішке қарай 2-орын болып қалды. Сіздер үшін алтын алғым келіп, қазақ елін қуантып, әнұранды шырқатқым келген еді. Осы жолы бұйырмапты. Келесі Олимпиада ойындарында барымды салып, Алла қаласа, елге абыроймен оралып, қазақ елін, қуантам деп ойлаймын», – деді боксшы әуежайда күтіп алған қазақстандықтардың алдында.

Айта кетейік, 80 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Нұрбек үшін Париж рингі финалға шығып, күмісті қанжығасына байлаған алғашқы Олимпиада болды.

Пікірлер