«Сәлден кейін, ок?» Қорғаныс министрлігі «министрдің» белгісіз біреумен хат алмасқан скриншотын жариялады

1439
Adyrna.kz Telegram
фото: gov.kz
фото: gov.kz

Ақпарат мессенджерлері арқылы Қазақстанның Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың белгісіз біреумен сөйлескен жалған хабарламалары тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Ведомство бұл туралы Telegram-дағы ресми арнада жазды. 

Қорғаныс министрлігі азаматтарды жалған хабарламаларға сенбеуді сұрайды.

”Мессенджерлерде ҚР Қорғаныс министрінің атынан жалған мәліметтерді қамтитын ақпарат таратылуда. Бұл ақпаратты интернет-алаяқтар жіберетінін ескертеміз. Азаматтардан жалған ақпарат көздеріне сенбеуді сұраймыз” делінген хабарламада.

 

Пікірлер