"Адырна" ұлттық порталының ютуб арнасында кезекті сұхбат жарияланды.
Суретші Жанұзақ Керімбекұлымен болған сұхбатта өнер иесі өзінің шығармашылық ойларымен бөліседі. Шеберханадан қарағандағы суретші көрген қоғам бейнесі сөз болады. Жиі бейнелейтін суреттердің кейіпкері, әсіресе, әл-Фараби тұлғасы туралы суретшінің өз айтары бар. Өнер, мәдениет, әдебиеттің «жұмсақ күш» ретіндегі миссиясы, оның қоғамға әсері жайында тоқталған ол суретшілер арқылы қоғам алдыға жылжиді деген түйін жасайды.
Осы өнерге келу жолы, оның ұңғыл-шұңғылы туралы ойларымен бөліскен суретші Жұнұзақ Керімбекұлы сурет өнерінің адам өмірі, дәуір үнімен тікелей байланысып, қабысып жатқанын айтады.