Қазақ тілі - азаматтық қоғам дамуының кепілі - сұхбат

3449
Adyrna.kz Telegram

"Адырна" ұлттық порталының ютуб-арнасына «Басқару» қоғамдық қорының жетекшісі сұхбат берді.

«Басқару» қоғамдық қорының жетекшісі Марғұлан Ермағанбетұлы сұхбат барысында Үкіметтік емес ұйымдардың мәселесін қозғады. Мемлекет пен Үкіметтік емес ұйымдар арасындағы қатынаста нені ескеру керек? Неге мән беру керек? Сарапшы бұл туралы айта келе осы қатынастағы түйткілдерге де тоқталған.

Әсіресе, Үкіметтік емес ұйымдар халықпен жұмыс істегенде менталитетті ескермейді, қазақтілді ортаға бармайды. Мұның себебе неде? Оны қалай оңдау керек?

Бұған қоса дін мен зайырлылық арасында да біршама мәселелер бар. Қоғамдағы дін мәселесімен нағыз дінтанушы емес, діндарлар айналысып кеткені жасырын емес. Қазақтілді ортада пікірі әсерлі белсенді адамдарды қолдау жетіспейді. Үкіметтік емес ұйымдар мәселесінде Марғұлан Ермағанбетұлы осындай проблемаларды тізбектей келе, оларды шешу жолына қатысты ұсыныстарын білдірген.

Толық сұхбатты көру үшін:

 

Пікірлер