“Қазақ қызын ешқашан қорламаған” - сұхбат

3373
Adyrna.kz Telegram

“Адырна” ұлттық порталының ютуб арнасында кезекті ой-талқы жарияланды. Сұхбаттың қонағы - Жұлдыз Сүлейменова.

Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүйлейменова әйелдер құқығы және балалар қауіпсіздігі туралы заңның ұңғыл-шұңғылын түсіндіреді. Осы заң қабылданғанда әйелдер мәселесіне қатысты дау-дамай өрістеген. Отбасы және қоғамдағы әкенің жауапкершілігі, ананың міндеті және бала тәрбиесі мемлекет ертеңінің іргетасы. Алайда соңғы кезде жиі көзге шалынатын отбасыдағы сорақы зорлық, зомбылықты жүгендеу оған қатысты мәселенің ашық талқылануын және соған сай жауапкершілікті талап етеді. Депутат осы мәселеге жалғас алдағы уақытта қабылданбақ харассментке қатысты заң жобасы жайында да хабардар етеді. Осындай заңдар арқылы қоғамдағы стереотиптерді бұзып, құқықты қалыпқа келтіру, әділетті талап ету үшін азаматтардың белсенді болуы жайлы айтылады.

Пікірлер