Бүгін академик, белгілі түркітанушы Қаржаубай Сартқожаұлын жерлеу рәсімі өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Жерлеу рәсімі 29 шілде күні өтті. Қаралы жиынға ғалымның ет-жақындары, тарихшылар, қоғам қайраткерлері мен Үкімет мүшелері қатысты.
Белгілі түрколог Қаржаубай Сартқожаұлы 78 жасқа қараған шағында дүниеден озды.
Аса көрнекті ғалымның отбасы мен туыстарына президент Қасым-Жомарт Тоқаев та көңіл айту жедел хатын жолдаған.
Марқұм Ұлттық пантеонға жерленді.