Белгілі түрколог ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы өмірден өтті

2005
Adyrna.kz Telegram

Бүгін белгілі түрколог ғалым, тарих ғылымдарының докторы Қаржаубай Сартқожаұлы 78 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Қаралы хабарды журналист Бекен Қайратұлы жеткізді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қазақтың аймаңдай азаматы, жанкешті ғалым, ұлтының жоғын жоқтап, жыртығына жамау болған үлкен түрколог - ғалым Қаржаубай ағамыз бақиға аттанды. Алла алдынан жарылқасын! Туған-туыс, ағайын-жұртқа және жеңгеміз Жәлейге көңіл айтамын! Қобда бетінің қазақтары арысың аттанды, Алла панасына алғай!» - деп жазды ол.

Қаржаубай Сартқожаұлы 1947 жылы 21 наурыз Моңғолияның Баян-Өлке аймағында дүниеге келген. Ол — «Қош бол, апа!», «Қыранның қазасы», «Сәйгүліктер» атты көркем прозалық кітаптардың, 250-ден астам ғылыми мақаланың авторы. 30-ға жуық ғылыми мақаласы орыс, француз, ағылшын, моңғол, қазақ, қытай тілдерінде ғылыми басылымдарда жарияланды.

Пікірлер