Нығматулиннің ферроқорытпа зауытында зардап шеккендердің бірі ауруханада көз жұмды

1188
Adyrna.kz Telegram
Фото: dzen.ru
Фото: dzen.ru

Қарағандыдағы YDD Corporation ферроқорытпа зауытында болған қайғылы жағдайдан бір қызметкер көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Төтенше жағдай салдарынан 8 жұмысшы зардап шекті. Олардың денесін күйік шалған. Ақ халаттылар 5 адамның жағдайы өте ауыр, үшеуінің жағдайы ауыр деп бағалады.

Алайда науқастың өмірін аман алып қалу мүмкін болмаған.

"Дәрігерлер қанша тырысқанмен, Қарағанды ​​ферроқорытпа зауытының зардап шеккен жұмысшыларының бірін аман алып қала алмады. Осы уақыт бойы жағдайы өте ауыр болған, денесінің 85 пайызын терең күйік шалған 1993 жылы туған науқас қайтыс болды. Марқұмның жақын туыстарына шын ниетпен көңіл айтамыз", – делінген Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Еске сала кетейік, ферроқорытпа зауыттың басшылығы ауыр жарақат алған қызметкерлердің еміне Түркия мен Ресейден дәрігерлер алдыртқан еді. 

Пікірлер