Апаттан кейін Қарағанды зауыты Ресей мен Түркиядан дәрігерлер алдыртты

1406
Adyrna.kz Telegram

Қарағанды ферроқорытпа зауытында болған апаттан 8 жұмысшы жарақат алған. YDD Corporation зауытта зардап шеккендерді емдеуге Ресей мен Түркиядан дәрігерлер алдыртып жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

«Зауыттың алыста орналасуына және шұғыл көмекті барынша тез көрсету қажеттілігіне байланысты алғашқы көмекті көрсетіп, зардап шеккендерді зауыттың кезекші көлігімен ауруханаға жеткізу туралы шешім қабылданды. Кезекші көлік зардап шеккендерді Мақажанов атындағы ауруханаға жеткізді», – деді корпорацияның баспасөз қызметі.

20 шілде күні болған апат салдарынан жұмысшылар ауыр жарақат алған.

"Жұмысшыларға барлық қажетті алғашқы шұғыл және амбулаториялық көмек көрсетілді. Сонымен қатар, компания қажетті медициналық көмекті көрсету үшін Ресейден ең жақсы дәрігерлер тобының қысқа мерзімде келуін ұйымдастырды. Бұған қоса, қазіргі уақытта Түркиядан дәрігерлердің келуі күтілуде", – деп толықтырды YDD Corporation.

Одан бөлек компания зардап шеккендерге барлық қажетті көмекті көрсететіп жатқанын, жұмысшылардың ем алып жатқан профессор Х.Ж.Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың медициналық қызметкерлерімен үнемі байланыста екенін мәлімдеді.

Пікірлер