Әнші Қайрат Нұртас бостандыққа шықты

1751
Adyrna.kz Telegram

Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулікке қамауға алынған қазақстандық әнші Қайрат Нұртас бостандыққа шықты, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Otyrar Telegram арнасына сілтеме жасап.

Видеодан байқағанымыздай, өнер иесін ата-анасы, достары, тіпті жанкүйерлері қарсы алған.

«Уайымдаған барша жандарға рақмет», - деді Қайрат Нұртас.

Оның анасы Гүлзира Айдарбекова сұхбатында мұндай жағдайды ешкімнің басына бермесін деп, барлығына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, 5 шілде күні Қайрат Нұртас ұшақта төбелес шығарғаны үшін ұсталып, ұсақ бұзақылық және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактілері бойынша әкімшілік іс қозғалды. Оқиға Алматы – Астана бағытында келе жатқан ұшақтың бортында болған.

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен Қайрат Нұртас 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынған еді.

Пікірлер