Жамбыл облысында әскери қызметкердің үстінен іс қозғалды

1226
Adyrna.kz Telegram

Жамбыл облысында бөлім командирінің бұйрығын бұзғаны үшін екі әскери қызметкердің үстінен әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Тамыз айында екі әскери қызметкер Жуалы ауданындағы әскери бөлімге аудио және бейнежазбасы бар және интернетке кіру мүмкіндігі бар ұялы телефонды алып келген. Олар өз әрекеттерімен бөлім командирінің бұйрығын бұзды.

Осы үшін екеуі де сотқа тартылды.

«Әскери қызметкерлер өз кінәсін мойындап, туыстарымен және достарымен сөйлескілері келетінін айтты. ӘҚБтК-нің 652-бабы 6-бөлігінің санкциясы 25 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуды көздейді», - деп түсіндірді сотта.

Нәтижесінде екеуі де бір тәулікке қамауға алынды.

Пікірлер