Қызылордада қыздар арасындағы төбелес таспаға түсіп қалды

1732
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Қыздар төбелесінің тағы бір видеосы видеоға түсіп қалған. Бұл жолы Қызылордада қала орталығында түсірілген бейне жергілікті қоғамдық парақшаларда тарап кетті, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Абырой болғанда, жақын маңда полиция қызметкерлері жүрген. Олар келіп, ашуға булыққан қыздарды бірден ажыратты. Ал желі қолданушылары үшін бұл оқиға қызу талқыға түсті.

«Сарыдағы қыз жынды төбелеседі екен. Арақ ішіп алған-ау. Вайнерлер жарнамалық видео түсірген шығар. Көйлегі көктік,тамағы тоқтық аздырар адам баласын. Сабзиро фаталити», - деп жазды олар.

Қызылорда қаласы ПД оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Қызылорда полициясы жастар тобының бұзақылық әрекеттерін тоқтатты. Қылмыстық іс қозғалды. Төбелескендердің аты-жөндері анықталды, олар полицияға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады полиция.

Пікірлер