Трамп өзіне жасалған қастандықтан кейін алғаш рет ел алдына шықты

1364
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Reuters
Сурет: Reuters

Республикалық партиядан президенттікке үміткер Дональд Трамп өзіне қастандық жасалғаннан кейін алғаш рет ел алдына шықты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Reuters басылымына сілтеме жасап.

Ол Висконсин штатының Милукоки қаласында ашылған Республикалық партия съезіне барды. Шетелдік БАҚ-тың мәліметінше, жиналғандар Трампты «Күрес, күрес, күрес!» деп ұрандатып қарсы алған.

Жиында Дональд Трамп президенттікке ресми түрде кандидат ретінде ұсынылды. Бұның алдында ол вице-президенттікке сенатор Джеймс Вэнсті таңдағанын мәлімдеген еді.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа қастандық жасалғанын жазған едік. Атыс салдарынан қарапайым тұрғын көз жұмып, екі адам ауыр жарақат алды.

Пікірлер