Трамптың іске кірісуіне 45 күн қалды. Тоқаев пен Трамп сөйлесті

1606
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың 47-ші сайланған президенті Дональд Трамппен сөйлесті. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті. Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты Америка Құрама Штаттарының Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады», — делінген бейсенбі күні таратқан хабарламада.

Атап өткендей, саясаткерлер сауда, инвестиция және ядролық қаруды таратпау саласындағы стратегиялық әріптестікті қарқынды дамытуға өзара бейілділігін растады.

«Мемлекет басшысы халықаралық күн тәртібіндегі ең өзекті мәселелер бойынша Қазақстанның ұстанымын баяндады. Президенттер екіжақты ынтымақтастықтың жоғары қарқынын сақтау мақсатында тұрақты байланыстар туралы келісті», - деп толықтырды Ақорда.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Пікірлер