Алматы облысында сел жүріп, үйлерді су басты

2409
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысы Жамбыл ауданының Беріктас ауылында толассыз жауған жаңбырдан кейін сел жүрді. Бұл туралы 15 шілдеде Төтенше жағдайлар министрлігі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

ТЖМ мәліметінше, 15 аула аумағы мен 3 тұрғын үйді су басқан.

«Инертті материал салынған 2 мың қапшық дайындалды. Сонымен қатар су басқан аумақтардан суды сору және лайдан тазарту, арық жүйелерін тереңдету жұмыстары жүргізілуде, жағдайға мониторинг жалғасуда»,—делінген хабарламада.

Айта кетейік, жұмыстарға ТЖД, жергілікті атқарушы органдардың, ТЖМ 28237 әскери бөлімінің жеке құрамынан 100-ден астам адам, 11 мотопомпа мен 16 бірлік техника жұмылдырылған.

Бұған дейін Қырғызстанда сел жүргенін жазған едік. Соңғы мәліметтер бойынша, тоғыз адам қаза тапты, оның төртеуі – қазақстандық бала.

Пікірлер