Алматыда полиция автобусы жеңіл көлік апатқа ұшырады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Бүгін сағат 07.40-та Қабанбай батыр мен Желтоқсан көшелерінің қиылысында орын алған мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметтік көліктерінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу басталды», - деп жауап берді Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі.
ECO Network жобасының жетекшісі Евгений Мұхамеджанов апаттың куәгері болып, егжей-тегжейлерімен бөлісті. Оның айтуынша, автобус жол қиылысында жеңіл көлікке соқтығысқан. Сузуки жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.