Алматы облысының тауларында эндуро-мотоциклшілеріне шабуыл жасалды

1644
Adyrna.kz Telegram
Фото: ҚазТАГ
Фото: ҚазТАГ

Алматы облысының тауларында эндуро-мотоциклшілеріне шабуыл жасалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазТАГ агенттігіне сілтеп.

«Қаскелең таулы аймағында шопандар эндуро-мотоциклшілеріне шабуыл жасап, ұрып-соғып, атыс қаруын қолданды. Енді іс қозғалады, бірақ іс жабылып қалуы мүмкін деген күдік бар, жария болғанын қалаймын», — деп жазды оқырман ҚазТАГ агенттігінің редакциясына.

Ол Алматы облысының полициясына мотоциклшілердің арызданғанын түсіндірді.

Редакцияға жіберілген кадрларда ат үстіндегі агрессивті ер адамның алдымен мотоцикл жүргізушілерінің бірінің басынан соққаны, сосын оған тағы екеуі қосылып, байкерді ұрып-соғып, жерге құлатқаны көрінеді. Шабуыл жасаушылардың бірінің қолында Калашников автоматына ұқсас зат бар. Бейнежазбада мылтыққа ұқсас дыбыс та естіледі.

«Ақжарқын мотоциклшілер Алматы облысы Қарасай ауданындағы жергілікті шопанның ашуын келтірді. Қақтығыстан кейін кенеттен қарулы «Рэмбо» пайда болып, агрессивті адамдар байкерлердің бірін соққыға жыққан. Аудандық полицейлер күдіктілердің тез арада анықталып, жақын арада ұсталатынын хабарлады», - деп хабарлайды Egov.Press Telegram арнасы өз кезегінде.

Пікірлер