Алматыдағы тіс емханаларының бірінен 13 мыңға жуық вейп тауарлары табылды

142
Adyrna.kz Telegram
фото: polisia.kz
фото: polisia.kz

Алматыдағы стоматологиялық емханада 13 мыңға жуық вейп анықталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚР ІІМ ресми интернет-ресурсына сілтеп. 

«Тінту кезінде емхана қоймасынан 13 мыңға жуық вейп табылды», - делінген хабарламада.

Арнайы операциялықтардың мәліметінше, стоматологиялық емханалардың бірінде электронды темекінің заңсыз айналымы анықталды.

Алматы қалалық полиция департаментінің экстремизмге қарсы күрес басқармасының басшысы Асхат Дәулетияровтің айтуынша, бұрын заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін сотталған 32 жастағы ер адам ұсталып, электронды темекінің заңсыз айналымын тарататынын мойындаған.

«Оның айтуынша, ол заңсыз баю мақсатында досының емханасында уақытша сақтау үшін қойма ұйымдастырып, тыйым салынған вейпинг құралдарын жасырын сатумен айналысқан. Аталған факті бойынша Медеу аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғап жатыр», — деді Асхат Дәулетияров.

Пікірлер