Еуро-түрме. Ұлыбританияда мыңдаған сотталушы мерзімнен бұрын бостандыққа шығады

1467
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Ұлыбританияда сотталушылардың жалпы саны 87 500-ден асқан. Қылмыскерлер елдегі түрмелерге сыймай жатқаны айтылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Euronews мәліметінше, Ұлыбританияның әділет министрі Шабана Махмуд толып кеткен түрмелерді босату үшін мыңдаған сотталушыны бостандыққа шығару жоспарын жариялады.

Елдегі сотталушылар саны пандемиядан кейін күрт өскен.

Министрлік мәліметінше, тұтқындар жазасының 40 пайызын өтегеннен кейін мерзімінен бұрын босатылуға құқығы бар.

Пікірлер