Атырау облысында әйелге қол көтерген шенеунікке қатысты үкім шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Мақат ауданының әкімі бұрынғы әйелін соққыға жыққаны туралы хабарланған еді. №2 сотында бұрынғы әйелі Ақмарал Үмбетқалиеваны жүйелі түрде ұрып-соқты деп айыпталған.
“Жанжал кезінде Ринат Ибрагимов жәбірленушінің өзіне материалдық тәуелді екенін пайдаланып, осы негізде жанжал шығарып, әйелінің оң иығынан ұстап, есікті жауып, бөлмеге кіргізген. Ешкімнің кедергі жасамайтынына көз жеткізіп, оны еденге құлатқан және сол жақ санынан бірнеше рет тепкілеген. Соның салдарынан жәбірленуші Ақмарал Үмбетқалиеваның 5-омыртқасы сынып, орташа ауырлықтағы зақым алған”, – делінген хабарламада.
Сотталушының кінәсі жәбірленушінің айғақтарымен, сараптама қорытындысымен және басқа да дәлелдемелермен дәлелденді. Қылмыстық кодекстің 107-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы “Материалдық немесе өзге де тәуелділікте болған адамға қатысты денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру” бойынша сотқа тартылған еді.
Айта кетейік, 2023 жылғы 31 мамырда Атырау қаласында пәтерде жәбірленуші мен сотталушының арасында жанжал болған.