Путинге жасалған қастандықтар жайлы айтылды

1795
Adyrna.kz Telegram

Ресей президенті Владимир Путинге қарсы жасалған қастандық әрекеті сәтсіз аяқталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Бұл туралы сенбі, 13 шілдеде Украина Қорғаныс министрлігінің Бас барлау басқармасының (БББ) басшысы Кирилл Буданов украиндық NV интернет-басылымына берген сұхбатында мәлімдеді.

Бұл сұхбатты бірқатар басқа украиндық БАҚ-тар да келтіреді. «Владимир Путинге қарсы қастандық әрекеттері жасалды, бірақ өздеріңіз көріп отырғандай, олар әзірге сәтсіз аяқталып отыр», - деді Буданов өзге қосымша мәліметтер бермей.

Сонымен бірге, Украина арнайы қызметінің басшысы ресейліктер қазір Путинді жоғалтып алудан «қорқады», «өйткені ол олардың өмірлік тұрақтылығының кепілі» деген пікірін білдірді. Онымен қоса ол, Путин қайтыс болғаннан кейін ресейліктер Иосиф Сталин қайтыс болғаннан кейін КСРО азаматтарының күйін кешеді, деп санайды

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Будановпен сұхбатын жариялағаннан кейін Ресей президенті «Киевтің қауіп-қатерінен» жеткілікті қорғалғанын айтты.

Пікірлер