Жантүршігерлік жайт. Жамбыл облысында ірі жол апатынан 5 адам қаза тапты (ВИДЕО)

1521
Adyrna.kz Telegram

Жамбыл облысындағы тас жолда болған жол апатынан бес адам қаза тауып, тағы бес адам адам зардап шекті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы облыстық жол полициясының ақпаратына сілтеп.

«Жамбыл облысы Жуалы ауданында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тас жолында бес адам қаза тауып, тағы бес адам ауруханаға жатқызылған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысы облыстық прокуратураның бақылауында», - делінген хабарламада.

 

Басқарма Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайтынын атап өтті. Полиция бүлінген көліктердің нақты санын жарияламады.

Пікірлер