Апат орнында апан қалды. Жүк көлігі жарылып, екі адам қаза тапты

1574
Adyrna.kz Telegram

Шығыс Қазақстан облысындағы тас жолда жарылыс болып, екі адам қаза тапты. Бұл туралы полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде», - деп хабарлады полиция департаменті.

Оқиға Өскемен-Самара тас жолының 75-ші шақырымында болған. ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, оқиға VOLVO жүк көлігінде болған.

Жүк көлігімен тасымалданған заттың жарылуы салдарынан көліктің жүргізушісі мен жолаушысы қаза тапты. Оқиға орнынан тараған видеода көліктің көрінісі жоқ, жарылыс болған жердің едәуір апан болып қалғаны байқалады. 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер