Әйелін ұрғандарға психологиялық көмек көрсетіледі

1283
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Зорлық-зомбылыққа қатысты әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасаған тұлғаларға емханаларда психологиялық қолдау көрсетілетін болады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің жаңа ережесінде енгізілді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкес, бұл көмек мінез-құлықты өзгертуге және келесі оқиғалардың алдын алуға бағытталған. Сессияларды осындай клиенттермен жұмыс істеу үшін арнайы дайындалған психологтар жүргізеді, оның ішінде сенімді қарым-қатынас орнату, мінез-құлық аспектілерін түзету және араласу нәтижелерін бағалау кезеңдері қамтылған.

Сонымен қатар, осындай адамдардың мінез-құлқын түзетуге және алдын алуға бағытталған психологиялық көмек  емханаларда көрсетілетін болады.

Көмек сот актісі негізінде көрсетіледі. Психологиялық консультациялар психолог кабинетінде жүргізіледі.

Мұндай адамдарға психологиялық көмек көрсетуге қарсы көрсеткіштер ретінде стационарлық емдеуді қажет ететін аурулардың немесе жұқпалы аурулардың болуы деп танылды. Көмекті білікті психологтар көрсетеді.

Пікірлер