Сарысудан су кетті

1810
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Қарғын судың салдарынан Жамбыл облысы Сарысу ауданында су тасыды. Бұл туралы журналист Дәурен Дариябек Facebook парақшасында жазып, видео жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкес, Сарысу ауданында штаб құрылған.

“Үлкендер біздің ауылда «зонтик» бар деуші еді. Ия, іргенің бәріне жауған жаңбыр бізді айналып өтетін. Аңызақ жел кептірген сортаңдар суға шөлдеп жататын. Бірақ кеше жауған жаңбырға қарап зонтик тесіліп кеткен-ау деп жатырмыз.

Итауыз жайлауында қарғын судың жиналу кезі видеоға түсіп қалыпты. Сарысу ауданында штаб құрылған. Жаңатас пен Саудакент арасындағы жол жабық.

Бір видеода тойға баратын халық жете алмай тұр. Алыс әрі тегіс жол бар, бірақ 150 шақырымдай шығады (Одаман іргесіндегі Шымкент трассасы-Жартытөбе-Шолаққорған-Құмкент арқылы айналуға болады); жолсыз қара соқпақпен Қызылдиханға жетіп, одан әрі Жайылма арқылы жетуге болады”, деп жазды Дәурен Дариябек. 

Пікірлер